Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы жаңа шешім қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 16,5% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.

Национальный банк Казахстана Қазақстан Ұлттық банкі
Фото: Әділет Беремқұлов/ Kazinform

Ұлттық банк таратқан ресми мәлімдемеге сүйенсек, наурыз айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 10%-ке дейін жеделдедеген.

Жылдық инфляцияның негізгі қозғаушы күші – қызмет көрсету секторы болып отыр. Бұл реттелетін тарифтердің бірінші тоқсанда күткеннен жоғары өсуімен және нарықтық қызметтердің қымбаттауымен байланысты. Азық-түлік инфляциясының үлесі айлық және жылдық көрсеткіштерде арта түскен.

- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады., – деп жазады Ұлттық банк мәліметінде.

Сондай-ақ, әлемдік азық-түлік бағасының жоғары болуы және Ресейдегі екі таңбалы инфляцияның сақталуы да базалық мөлшерлемені қазіргі деңгейде қалдыруға түрткі болған.

- 2025 жылы қаңтар-наурыздағы жылдам деректерге сәйкес экономика ж/ж 5,8% өсім көрсетті. Бұл өсім көлік (21,0%), құрылыс (16,9%), өңдеу өнеркәсібі (8,7%), тау-кен өндірісі (6,1%) және сауда (6,3%) салаларындағы белсенділікке байланысты болды.

Ішкі сұранысқа инфрақұрылымдық жобалардың іске асыруы, тұтынушылық кредит беру және халық табысының ұстамды өсуі қолдау қөрсетеді. Дегенмен, 1-тоқсанда тұтынушылық сұраныстың бәсеңдеу белгілері байқалуда. Бұл 2024 жылғы қазандағы 19,3%-тен кейін ақпанда 5,1%-ке дейін бөлшек сауда айналымының баяулау деректерімен, сондай-ақ сауалнамаларға сәйкес ірі сатып алулар индексінің төмендеуімен расталады, – делінген түсіндірмеде.

Еске салсақ, бір ай бұрын базалық мөлшерлеме 15,25% деңгейінен 16,5%-ға дейін көтерілген болатын

Соңғы жаңалықтар