10:05, 13 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі
Ұлттық банк доллар мен рубльдің 13 желтоқсанға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды Kazinform.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 456,52 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,06 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 458-460 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 456,9-458,9 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,01-5,21 аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 12 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,87 теңгеге төмендеп, 456,62 теңге болған.