Ұлттық банк қаңтарда Ұлттық қордан қанша доллар сатады

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық банк қаңтар айында Үкіметтің Ұлттық қордан қанша доллар сатуды көздеп отырғанын мәлім етті.

Национальный банк Казахстана Қазақстан Ұлттық банкі
Фото: Әділет Беремқұлов/ Kazinform

- Үкіметтің республикалық бюджетке трансферттер бөлу туралы алдын ала болжамды өтінімі бойынша Ұлттық банк 2025 жылғы қаңтарда Ұлттық қордан 750-ден 850 млн долларға дейінгі мөлшерде валюта сатуы мүмкін, - деп жазылған ақпараттық хабарламада.

Ұлттық банк мәліметі бойынша, желтоқсан айында Ұлттық қордан республикалық бюджеттің трансферттеріне деп 900 млн доллар сатылған.

- Ұлттық қордың сауда-саттықтағы үлесі 17% немесе күніне шамамен 43 млн доллар болды. Ұлттық банк Ұлттық қор қаражатымен операциялар жүргізгенде нарықтағы бейтараптық қағидатты сақтайды, - деп жазады Ұлттық банк мамандары.

Биыл Ұлттық қорға 3,7 трлн түсіп, трансферт ретінде 5,3 трлн теңге алынды.

 

Соңғы жаңалықтар