Ұлттық банк қарашадағы Ақша-кредит саясаты туралы баяндаманы жариялады
АСТАНА. KAZINFORM — Баяндамада болжамның алғышарттары, 2026 жылға дейінгі базалық және баламалы сценарийлер бойынша макроэкономикалық даму серпіні ұсынылған, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

— Құжат Ақша-кредит саясаты комитетінің ортамерзімді кезеңге арналған базалық мөлшерлеме траекториясын бағалауды, төлем балансының ағымдағы шот болжамы, қазіргі макроэкономикалық жағдайлар, ақша, валюта және қаржы нарығындағы ахуал жайындағы деректерді қамтиды, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, баяндамаға халықтың кредит жүктемесінің динамикасын талдау, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау, сондай-ақ кейбір елдердегі дәстүрлі емес ақша-кредит саясатын талдау сияқты тақырыптарға арналған бокстар енгізілген.
Толығырақ ақпарат Ұлттық банктің интернет-ресурсында жарияланған.
Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық банк Cu коллекциялық монеталарын шығарғаны хабарланды.
Сондай-ақ, Ұлттық банк қолдан жасалған ұлттық валюта банкноталары тарағанын ескертті.