Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізуге дайын
АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық банк валюта бағамының күрт өзгеруіне жол бермеу интервенция жүргізуге дайын. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты.
«Өкінішке қарай, спекулятивтік сипаттағы мәмілелердің көбейгені де байқалып отыр. Бұл да айырбас бағамын тым құбылтып жібереді. Өтімділік жеткіліксіз жағдайда бұл – бағамның айтарлықтай ауытқуына әкелуі мүмкін. Біз бұған дейін мәлімдегеніміздей, Ұлттық банк ұлттық валюта бағамына тән өзгерістерге мән бере қоймайды. Өйткені мұның барлығы фундаменталды факторлармен дәйектелген. Алайда, соңғы күндердегі теңгенің құбылуына – тек қана фундаменталды факторлар ықпал етпей отырғанын айтуға мәжбүрміз. Осыған байланысты Ұлттық банк ұлттық валютаның құбылу шамасын – шамадан тыс деп бағалайды. Ұлттық банк ішкі валюта нарығындағы жағдайды қадағалап отыр. Ағымдағы үрдістер, әсіресе, спекулятивті көңіл-күй сақталған жағдайда, әділ бағам қалыптастыруды қалпына келтіру үшін және ұлттық валюта бағамының күрт өзгеруіне жол бермеу үшін Ұлттық банк жедел әрекет етіп, валюталық интервенция жүргізуге дайын», - деді Ұлттық банк өкілі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова валюта нарығындағы соңғы жағдайларға түсініктеме берді. Айта кетсек, соңғы күндері қор нарығында доллар бағасы күрт қымбаттап, 495 теңгеден асты.