Ұлттық экономика министрлігі атқаратын қызметтер толықтырылды

документы
Фото: Мұхтар Холдорбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы қаулысына толықтырулар енгізу туралы құжат қабылданды. 

Биыл 3 сәуірде бекітілген Үкіметі қаулысына сәйкес, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәселелеріне қатысты толықтырулар жасалды. Бұл ретте тиісті ережедегі 15-тармақ 37-2), 37-3) және 37-4) тармақшалармен толықтырылды:

- 37-2) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыру шарттарын келісу;

- 37-3) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ резервтер қалыптастыру және олар бойынша актуарлық есеп-қисаптар жүргізу қағидаларын келісу;

- 37-4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің мемлекет кепілдік берген экспортты қолдау жөніндегі міндеттемесіне және қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидаларын келісу.

Атап айтқанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар