Ұлттық екпе тізіміне енбеген вакциналарды жеке клиникаларда алуға бола ма – ДСМ жауабы
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда Ұлттық профилактикалық екпе күнтізбесіне кірмейтін кейбір вакциналарды жеке медициналық орталықтарда салдыруға болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
– Мемлекет тегін ұсынбайтын, бірақ басқа елдерде қолданылатын кейбір вакциналарды ата-аналар немесе азаматтар өз есебінен жеке клиникаларда ала алады. Мұндай мүмкіндік заңмен тыйым салынбаған, - делінген аталған ведомствоның жауабында.
Алайда министрлік мұндай вакциналарға қойылатын негізгі талап бар екенін атап өтті. Атап айтқанда, қолданылатын препарат Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.
Еске салайық, қазіргі уақытта Қазақстанда 21 инфекциялық ауруға қарсы вакцина мемлекет есебінен тегін салынады. Ал кейбір вакциналар, мысалы ротавирус пен менингококк инфекцияларына қарсы екпелер, әзірге ұлттық күнтізбеге енгізілмеген. Дегенмен оларды жеке медициналық орталықтарда ақылы түрде салдыруға мүмкіндік бар.
Еске салайық, Қазақстанда вакцинадан бас тартқандар саны 5 есе артқан.