«Ұлттық қор – балаларға» қаражаты инвестицияға жұмсалады – Тамара Дүйсенова
АСТАНА. KAZINFORM – «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында балалар есепшотына түскен қаражат инвестициялауға жұмсалады. Бұл туралы Премьер-Министр орынбасары Тамара Дүйсенова айтты.
«Бұл қаражат инвестицияланады. Жыл сайын есептері ұсынылады», - деді Тамара Дүйсенова Үкіметтегі брифингте тілшілерге берген жауабында.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары жыл сайын зейнетақы жинақтары сияқты бұл қаражат та өсетінін айтты.
Бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Ұлттық қор — балаларға» жобасы бойынша бала шотына түсіп жатқан сома туралы түсінік берді.