Ұлттық қордан алған трансферттер түскен табыстан асып кетті – Тимур Сүлейменов

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Ұлттық қордың түсімі мен алымында кері баланс қалыптасқанын мәселе етіп көтерді. 

сүлейменов
Фото: ҰБ

«Қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы халықаралық резервтері рекордтық 107,2 млрд долларға жетті. Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтері жыл басынан рекордтық мән – 44,5 млрд долларға немесе 23,6%-ке ұлғайды», - деді ол.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, Ұлттық қордың активтері жыл басынан бері 4,5%-ке ұлғайып, 62,7 млрд доллар болған

«Ұлттық қордың түсімдері мен алымдарының балансы теріс қалыптасып келеді. Яғни, алымдар түсімдерден асып жатыр. Бұл жағдайда қор қаражатының өсімін қолдап тұрған жалғыз фактор – инвестициялық табыс. Ол 9 айда 6,16 млрд доллар болды», - деді Ұлттық банк басшысы.