Ұлттық қордан әр балаға қанша ақша аударылатыны әлі белгісіз – вице-министр

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Ұлттық қордан бала шотына аударылатын ақшаның сомасы әлі есептеліп бітпегенін айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Қаржы вице-министрі
Фото: primeminister.kz

«Қазіргі таңда есеп жүргізіліп жатыр. Жалпы Қазақстандағы 18-ге толмаған балалардың саны 7 млн 200 мың болып отыр. Ал 18-ге толған, бірінші этапта төлем алатын азаматтардың саны қазіргі таңда 300 мыңға жуық. Олар бойынша қазір соңғы есептер жүргізіліп жатыр. Осы айдың аяғына дейін қорытындысы болу керек деп ойлаймын. 18-ге толған 300 мың адам бойынша қаражат аударылады. Сомасы санаулы. Жобалық сома бар. Бірақ қателеспеу үшін оны әзірге айта алмаймын», - деді Ержан Біржанов.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жобасы ресми қолданысқа енді. Алдын ала мәлімет бойынша, жоба алғашқы жылдың өзінде 7 миллионнан астам баланы қамтиды. Kazinform осы 7 миллионнан астам баланың ата-анасына арнап, жобаның ең маңызды тұстарын тізіп шыққан болатын. 18-ге толмаған баласы бар ата-ана нені ескеруі керектігі жөніндегі материалға мына сілтеме бойынша өте аласыз. 

Соңғы жаңалықтар