Ұлттық қорғаныс университетінің атауы өзгереді

Ұлттық қорғаныс университетінің атауы өзгереді
Фото: egemen.kz

Президент Жарлығының жаңа редакциясында Ұлттық қорғаныс университетінің атауы өзгертілмек, деп хабарлайды Kazinform министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қорғаныс министрлігі «Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Президент Жарлығының жобасын дайындады.

Президент Жарлығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 27 желтоқсанына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14846018 сілтеме бойынша танысуға болады.

Соңғы жаңалықтар