Ұлттық құрылтай құрамына танымал журналистер қосылды

Ұлттық құрылтай
Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM - Ұлттық құрылтайдың жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері – «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова, «Отандастар» қорының президенті Данияр Қадыров, «Время» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Лев Тараков қосылды.

Бұл туралы Ақорданың Facebook парақшасынан мәлім болды.

Ұлттық құрылтай құрамынан А.Қашқынбеков, Д.Кривошеев, А.Сапарбекұлы шығарылды.

Соңғы жаңалықтар
telegram