Ұлттық құрылтайдың құрамы өзгерді

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық құрылтай құрамында ротация болды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

Ұлттық құрылтайдың құрамы өзгерді
Фото: Ақорда

— Ұлттық құрылтайдың жұмысына қоғам өкілдері баспагер Раиса Сайран Қадыр, «Qazaqstan» телерадиокорпорациясының журналисі, тележүргізуші Ерқанат Көпжасарұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басқарма төрағасы — ректоры Жансейіт Түймебаев, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Әлия Мұстафина, Қостанай автомобиль көлігі колледжінің басшысы Дмитрий Павленко, саяси шолушы Ғазиз Әбішев, Шығыс Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Ольга Кузовлева тартылды, — делінген хабарламада.

Ротация аясында Ұлттық құрылтай құрамынан Ә. Бектаев, О. Селтеев, Д. Рыпаков, А. Елгезек, И. Салжанов, А. Бикебаев шықты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне сұхбат берді.

ҚПЛ: «Каспий» біріншіліктегі алғашқы жеңісіне жетті
Ұқсас жаңалықтар

ҚПЛ: «Каспий» біріншіліктегі алғашқы жеңісіне жетті