Ұлттық Құрылтайдың құрамында өзгерістер болды

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық құрылтай құрамында ротация жасалды, - деп хабарлады Ақорда.

Ұлттық құрылтай
Фото: Ақорда

Ұлттық құрылтай жұмысына жаңадан қоғам өкілдері тартылды:

– Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ төрайымы Зүлфия Байсақова;

– Мәжіліс депутаты, «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» ҚБ төрағасының бірінші орынбасары Аманжол Әлтай;

– Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев;

– Қаржыгер, NAC Analytica төрағасы Расул Рысмамбетов;

– Жетісу облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Дания Қыдырбаева.

Ротация аясында Ұлттық құрылтай құрамынан Т.Керімқұлов, А.Ерниязова, Н.Қоянбаев, С.Досжанова шықты.

Елдің түкпір-түкпірінен келген Ұлттық құрылтай мүшелері Астанада бас қосқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар