Ұлттық музей Италиядағы реставрация институтымен әріптестік орнатпақ

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлы Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында елдегі реставрация ісін дамытуға бағытталған жоспарымен бөлісті.

Берік Әбдіғалиұлы
Фото: Дияр Бексұлтанов

- Мәдениет министрлігінің қолдауымен Италиядағы реставрация институтымен осы саланы дамыту туралы келісімшартқа қол қою керек. Осы күндері (19 мамырдан бастап – ред.) үшінші музей конгресін өткізіп отырмыз. Екі күн бойы елдегі 80-ге жуық реставраторларды жинап, реставрация мәселесін талқылауға мүмкіндік ұсындық, - деді ол «Уәде» бағдарламасында.

Конгресс аясында Түркиядан, Ресейден Әзербайжаннан мамандарды шақыртылып, шеберлік сағаттарын ұйымдастырылып отыр.

- Біздегі музейлердің бір проблемасы – құнды жәдігерлердің тозуы, соларды қалпына келтіреміз деп бұзып алуы. Бұл - күрделі жұмыс, кез келгеннің қолынан келе бермейді. Кезінде өңірлерден жиналған құнды артефактар асығыс қабылданып кеткенін көріп отырмыз. Соларды экспозициялау мәселесін қолға алып жатырмыз, - дейді Берік Әбдіғалиұлы.

Сондай-ақ спикер шетелдегі қазақ жәдігерлерінің каталогі жасалатынын мәлім етті. 

Айта кетсек, кеше Президент Жарлығымен ұлттық мәдениетті дамытуға және насихаттауға қосқан айрықша үлесі, мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар