Ұлттық спорт қауымдастығының президенті тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Еркебұлан Ильясов Қазақстанның Ұлттық спорт қауымдастығының президенті болып сайланды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі.

Еркебулан Ильясов
Фото: Туризм және спорт министрлігі

1 ақпан күні — Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының кезектен тыс жалпы отырысы өтті. Отырысқа ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев, сондай-ақ, еліміздің ұлттық спорт федерацияларының президенттері мен өкілдері қатысты.

Еркебұлан Ильясов Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті болып сайланды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

 Жиында ұлттық спорт қауымдастығының президенті қызметін атқарған Исламбек Салжанов соңғы екі жылдағы атқарылған жұмысы жайында кеңінен есеп беріп, қорытындылады. Қауымдастық құрылтайшылары дауыс беру арқылы жаңа жарғы қабылдап, нәтижесінде Еркебұлан Сайдоллаұлы Ильясов бірауыздан Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті болып сайланды.

Еркебұлан Ильясов Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті болып сайланды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Жаңадан сайланған президент Еркебұлан Сайдоллаұлы сенім білдірген барша ҚР Туризм және спорт министрлігіне, қауымдастық қатарына кіретін ұлттық спорт өкілдеріне алғыс айтып, 2025 жылға қойылған жоспарымен бөлісті.

Еркебұлан Ильясов Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті болып сайланды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Отырыс барысында Серік Жарасбаев Исламбек Төлеубайұлына ұлттық спорттың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, жаңа президент Еркебұлан Сайдоллаұлына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, ол барлық федерациялардың ынтымақтастығын нығайтып, ұлттық спорт түрлерін әлемдік деңгейде насихаттау үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Еркебұлан Сайдуллаұлы Ильясов — «Alageum Electric» КТ Директорлар кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы жамбы ату, арқан тартыс федерацияларының президенті және «Ұлттық спорт қоры» ұлттық спорт түрлерін қолдау қорының негізін қалаушы, құрылтайшысы.

Осыған дейін «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорын Ләззат Шыңғысбаева басқаратыны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар