18:10, 14 Қаңтар 2025 | GMT +5
Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM - Президент әкімшілігімен келісім бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен полковник Жұматаев Абзал Ғабдоллаұлы ҚР ІІМ Ұлттық ұланы бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңадан тағайындалған офицерді бас қолбасшылықтың басшылық құрамына Ішкі істер министрі Ержан Сәденов таныстырды.
Полковник Абзал Жұматаев мансап жолын 1997 жылы бастаған. Содан бері Ішкі істер органдары жүйесінде әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет етіп, өзін тәжірибелі офицер ретінде көрсете білген.
Еске сала кетейік, бұған дейін Айбек Сыдықов мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалғанын жазған едік.