Ұлттық ұланның жаңа әскери бөлімі құрылды

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық ұланының «5575 әскери бөлімін» құру туралы Үкімет қаулысының жобасы көпшілік талқылауына шығарылды.

нацгвардия
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

- Ұлытау облысының Жезқазған қаласында орналасатын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «5575 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын, - деп жазылған құжатта.

Бұл бөлім 1 қаңтардан бастап Жезқазған көшелерінде жұмысқа кіріскені айтылған.

- Үкіметтің 2025 жылғы 9 қаңтардағы № 5 қбп қаулысымен 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Жезқазған және Түркістан қалаларында әскери бөлім құқығындағы жедел мақсаттағы батальондар құру үшін қосымша штат саны бөлінді, - делінген түсіндірме жазбада.

Бұған дейін Астанада Ұлттық ұлан 700-ге жуық жас сарбазбен толыққаны хабарланған еді. 

Соңғы жаңалықтар