Ұлтты ұйыстырған ұлы күн: елордалықтардың тойынан үзік сәттер (ФОТО, ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің бас қаласында Наурыз мерекесіне орай халықтық серуендер ұйымдастырылды. Қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық ойындар сайысына қатысып, ұлттық тағамдардан дәм татып, ән мен жырдан ләззат алып, көңіл көтеруде.
None
None

Атап айтқанда, «Отан қорғаушылар» монументінің алдындағы алаңға ежелгі салт-дәстүрімізге сай киіз үйлер тігілді. Астана қаласы Алматы ауданының әкімдігі оқушылар мен ЖОО, колледж стуенттерінің қатысуымен концерт ұйымдастырды. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, «Астана Телеком» АҚ, №1 Автобус паркі, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы, «BI Group», «Бахус», «Нұр Береке 555», «Мейір-М» және «BIG-Шанхай» ЖШС-тері өз киіз үйлерін құрып, өздерінше дастарқан жайды.

Жоғарыда аталған ұйымдар Наурыз мейрамының алдында тұрмысы нашар, көп балалы отбасыларға құрт, жент, қымыз тағы басқа ұлттық тағамдар толтырылған дорбалар сыйлап, көпшіліктің алғысына бөленді. Сонымен қатар, әкімдіктің алдындағы алаңда да кең ауқымды іс-шара өтуде. Адамдардың көңіл күйлері көтеріңкі, оларға арнап түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырылды. Астаналықтардың басым бөлігі арқан тарту, қыз қуу, асық ату сынды ұлттық ойындарға қуана қатысып жатыр. Балалар алтыбақан теуіп, атқа мініп мәз-мейрам. Оған қоса, қазақ халқының әдет-ғұрыптары да көрсетілді.

Конгресс-холлдың алдында Сарыарқа ауданының әкімдігі «ЭКСПО-2017» АҚ-мен бірлесіп киіз үй ауылын құрыпты. Ауласында қазақша күрес пен тоғыз құмалақтан жарыстар өтті. Одан кейін «Жастар» театрының, «Шаттық», «Арулар», «Асса», «My Way» атты би ұжымдарының, Қорғаныс министрлігінің өнерпаздары мен өзге де әртістердің қатысуымен концерт берілді.

Ен-тегін дайындалған наурыз-көже барлық қонақтарға таратылды. Ақсақалдар да ақ батасын аямады.

Бұдан басқа, «Менің отбасым» атты интернет фотобайқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бірінші орынды Жәмилә Байбосынова (сыйақысы 70 мың теңге), екінші орынды Книгина Виктория (50 мың теңге) және үшінші орынды Наталья Козлова (30 мың теңге) иеленді. Кешеден бері күннің көзі де ерекше шуағын шашып, бір аптадан бері соққан Сарыарқаның желі сап тыйылып, мейрамдатып жүрген халықтың көңіл күйін одан сайын көтеруде.

Соңғы жаңалықтар