Ұлттық академиялық кітапханада «Менің Отаным - Қазақстан» сериясымен жарық көрген «Отырар» кітабының тұсаукесері болды
АСТАНА. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Ұлттық академиялық кітапханада «Менің Отаным - Қазақстан» сериясымен жарық көрген «Отырар» кітабының тұсаукесері болды.
Тұсаукесерге белгілі ақын-жазушылар, мәдениет және өнер қайраткерлері, Парламент депутаттары, жұртшылық өкілдері қатысты.
Журналист Еркін Қыдырдың авторлығымен шыққан кітапта өз кезеңінің ірі мәдени ортасына айналған Отырар қаласы туралы айтылады. Отырардан Әл-Фараби, Арыстан баб сынды ғұламалар шыққан. Сонымен қатар, Тұрғанбай датқа, Қажымұқан, Ө.Жәнібеков, А.Машанов, К.Ақышев және өзге де Отырармен өзектес тұлғалар жайлы материалдар тың деректерге толы. Тас дәуірінің тарихынан бастап баяндалған кітапта сол кезеңнің таңғажайып табиғаты, жан-жануарлар әлемі, өсімдіктер дүниесі және бүгінгі әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани келбеті жайлы да нақты деректер бар.
Аталмыш серия аясында бұған дейін «Ұлытау», «Ойыл», «Ерейментау», «Қазығұрт» кітаптары оқырманға жол тартса, енді «Отырар» кітабы жарық