Ұлттық академиялық кітапханада «Нұрлы жол - болашақтың жыры бол!» атты көрме ашылды
«Нұрлы жол - болашақтың жыры бол!» көрмесінің «Қазақ Хандығына 550 жыл» атты бірінші бөлімінде 180-нен астам кітап пен мерзімді басылымдар ұсынылды. «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» атты екінші бөлімде 140-тан астам кітап пен 13 іс-қағаздар көрсетілді. Іс-қағаздар мен кітаптардан бөлек залда ҰОС ардагерлерін мен тыл еңбеккерлеріне арналған слайд-композиция орналастырылды. Үшінші бөлім - «Қазақстан конституциясының 20 жылдығында» 90-нан астам кітап ұсынылды. «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына» арналған соңғы бөлімде көрмеге келген көрермендер назарына 70-тен астам кітап ұсынылды. Бір айта кететіні, 2015 жыл Елбасының тапсырмасы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды. Көрменің ашылуында Ұлттық кітапханаға Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-экспертті кеңесінің кітаптары сыйға тартылды. Қала қонақтары мен тұрғындары көрмені жыл бойы тамашалай алады.