Ұлттық аккредиттеу орталығы отандық өнімді шетелде ілгерілетуге септігін тигізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ұлттық аккредиттеу орталығы отандық өнімді шетелде ілгерілетуге септігін тигізеді. Мұндай пікірді бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде өткен брифингте аталған орталықтың бас директоры Мақсұт Өмірханов білдірді,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.   
None
None

«Бүгінгі күні Ұлттық аккредиттеу орталығында 1445 субъекті аккредиттелген. Оның ішінде 89 өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау органы, 73 менеджмент жүйесі бойынша сәйкестітігін растау органы, 800 сынақ зертханасы, 401 салыстырып тексеру зертханасы, 50 калибрлеу зертханасы бар. Естеріңізде болса 2003 жылы Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-ші форумында Елбасы шетелде қазақстандық сертификаттарды тану туралы мәселені көтерген еді. Осыған байланысты халықаралық нарықта қазақстандық бизнесті қолдау және қорғаудың тиімді тетігін әзірлеуге, шетелде қазақстандық сертификатты тану бойынша жұмыс жұмыс жүргізуге тапсырма берілген болатын»,  - деді Мақсұт Өмірханов.

Оның айтуынша, Қазақстан Президентінің тапсырасын іске асыру үшін аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдарға мүше болу қажет болды. Нәтижесінде Ұлттық аккредиттеу орталығы 2007 жылы ILAC ұйымына толық құқылы мүшелікке өткен. Ал 2010 жылы ILAC MRA қазақстандық орталықтың қол қоюшысы болып бекіді. Мұнан кейінгі жылдары PAC толық құқылы қол қоюшы, PAC MLA келісімнің қол қоюшысы, IAF толық құқылы мүшесі және IAF MLA  келісім қол қоюшысы болды.

«Аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымға мүше болу саудадағы техникалық кедергілерді алып тастау, шетелде отандық өнімді ілгерілету, сәйкестікті бағалау жөніндегі рәсімдер жүргізу кезінде қосымша шығыстарды төмендету мақсатында жасалды. Ұзақ уақыт бойы тер төгілген бұл жұмыстардың нәтижесінде ILAC MRA белгісімен сынақ хаттамасы және  IAF MLA   белгісімен сәйкестік сертификаты алынды», -  деді ол.

Бас директордың айтуынша, бүгінде Ұлттық аккредиттеу орталығымен 198 зертхана шарт жасасқан және олар ILAC MRA  зертханалық біріктірілген белгісін пайдалануға құқық алып отыр. Аталған зертханалар Қазақстанның заңды тұлғаларына 570 114 сынақ хаттамаларын, оның 10492-сін Қазақстан аумағынан тысқары жерде берген.

«Сынақ хаттамалары балық және балық өнімдеріне, ет және ет өнімдеріне, шұжық өнімдеріне, сүт және сүт өнімдеріне, ара балына, бидай өнімдеріне, жүгері, ұнға, күнбағыс, соя, рапс жомына, қой жүніне, ірі қара мал терісіне, сонымен қатар табиғи және минералды емдік-асхана суларына берілді. Өнімдер Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Қытай, Жапония, Иран, Сербия, Испания, Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Грузия, Польшаға экспортталады», -  деді ол.

Оның дерегінше,  IAF MLA   біріктірілген белгісін пайдалану 53 ұйымға рұқсат етілген. Жалпы IAF MLA біріктірілген белгісімен 10335 сәйкестендіру сертификаты берілген.

Соңғы жаңалықтар