Ұлттық ақпараттық кеңістікті дамытудың өзекті мәселелері талқыланды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отырыс барысында Астанада өтеді деп жоспарланған І халықаралық қазақ журналистерінің форумында көтерілетін тақырыптар талқылануда. Мәселен, Астанада көтерілетін тұңғыш халықаралық форум қандай мәселелерді қамтуы тиіс, конфессияаралық, дінаралық, этносаралық мәселелерді жариялаудағы ұлттық БАҚ ұстанымы отырыстың басты тақырыптары болды. Отырысқа БАҚ-ның басшылары мен белгілі журналистер қатысты.
«Әлемдік «мылтықсыз майданда» біздің ұлттық ақпараттық кеңістігіміздің жай-күйі әркімді толғандыратыны сөзсіз. Өйткені, ақпараттық қауіпсіздік - мемлекеттік қауіпсіздік. Алайда, біз оны нақты түсіне алып отырмыз ба? Ақпараттық экспансияда ұлттық ақпараттық қауіпсіздігіміздің иммунитеті қалыптасқан ба? Ақпараттық нарықта ұлттық журналистикамыздың әлеуеті қаншалықты? Осы мәселелерге жауапты бүгін БАҚ басшылары мен журналистермен бірге талқылап, ортақ ұсыныстар қабылдаймыз. Ол одан әрі Астанада өтетін форумда белгілі бір шешімдер қабылдауға әсер етері сөзсіз», дейді ҚазҰУ-дың баспа ісі кафедрасының меңгерушісі Сағатбек Медеубекұлы.
Отырысқа қатысушылардың айтуынша, ұлттық ақпараттық кеңістігімізде шешімін таппаған өзекті мәселе көп. Сондықтан Астанада өтетін алқалы жиынға үміт үлкен.