Ұлттық әл-ауқат қоры қызметін заңмен реттеуге байланысты Қазақстанның 4 кодексі мен 14 заңына түзетулер енгізіледі

АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/- Үкімет «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Қазақстан инвестициялық қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» заң жобасын Мәжіліске ұсынды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қызметті ұйымдастыру мен оның тиімділігін қамтамасыз ету және қолданыстағы заңнаманы «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» әзірленген заң жобасына сәйкес келтіру мақсатында еліміздің бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындап отыр.Атап айтқанда, заң жобасымен Қазақстанның 4 кодексіне және 14 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.Қазақстан Республикасының Жер кодексіне инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерін беру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.Экологиялық кодекске мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын инвестициялық жобаларды іске асыру тәртібін оңайлату бойынша түзетулер енгізу қарастырылған.Сол секілді Салық кодексіне де өзгерістер енгізілмек.
Соңғы жаңалықтар