17:36, 27 Қаңтар 2009 | GMT +5
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» жаңа заң жобасы депутаттардың талқысына шығарылмақ
АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заң жобасы бойынша өз қорытындысын шығарды.

Депутаттардың ұсынған түзетулері салыстырма кестеде берілген. Заң жобасына парламентшілер 36 толықтыру енгізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Заң жобасы Ұлттық қорды акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құруды көздейді. Бұл ретте заң жобасы тек стратегиялық сипаттағы және бақылау мәселелерін жалғыз акционер мен директорлар кеңесінің деңгейіне, ал жедел сипаттағы шешімдерді атқарушы органның деңгейіне жатқызу үрдісімен Қор органдарының және Қор жүз пайыз қатысатын компаниялардың айрықша құзыретін регламенттеуге бағытталған корпоративтік басқарудың бірқатар ерекшеліктерін қамтиды.Ұлттық қордың қызметі заң жобасында декларацияланатын заңдылық қағидаттарына, мемлекеттің мүдделерін сақтауға, қызметтің ашықтығына, тиімділігіне және икемділігіне, жауаптылық пен есеп берушілікке негізделетін болады.Аталған заң жобасы ертең, қаңтардың 28-і күні Мәжілістің жалпы отырысында депутаттардың талқысына салынады.