«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» жобаға сәйкес, инвестициялық қор туралы заңның күші жойылады

АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Қазақстан инвестициялық қоры туралы» Заңының күші жойылды деп тану туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған заң жобасының мақсаты Ұлттық әл-ауқат қорын ұйымдастырудағы оның тиімді қызметін қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен бірге, заң жобасы бүгінгі Мәжіліс отырысында мақұлданған «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заң жобасына қолданыстағы заңнамаларды сәйкес келтіруге бағытталады. Осыған байланысты қолданыстағы 4 кодекс пен 14 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп, «Қазақстан инвестициялық қоры туралы» Заңның күші жойылды деп танылады. Атап айтқанда, заң жобасымен Жер кодексіне инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерін беру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Сонымен қатар, Экологиялық кодекске мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын инвестициялық жобаларды іске асыру тәртібін оңайлату бойынша түзетулер енгізу қарастырылған. Депутаттар редакциялық сипаттағы, ішкі қарама қайшылықтарды жоюды, құқықтық реттеудегі олқылықтың орнын толтыруды қамтамасыз ететін бірқатар түзетулер енгізді. Құжат екінші оқылымға әзірлеу үшін Бас комитетке тапсырылады.
Соңғы жаңалықтар