Ұлттық арна эфирінде - «МузАРТ LIVE» мега-жобасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 наурызда «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы осы жылдың үздік мега-жобасы - «МузАРТ LIVE» тұсауын кеспек.
None
None

«МузАРТ LIVE» музыкалық тележобасына 16 жастан 25 жасқа дейінгі аралықтағы талантты ер жігіттер қатыса алады. Үміткерлердің музыкалық білімінің болуы шарт емес. Сондай-ақ, музыкалық талғамы мен орындаушылардың құрамына да (соло, дуэт, топ) мән берілмейді. Ең басты талап - қатысушы мемлекеттік тілде ән айта білуге міндетті.

«МузАРТ LIVE» музыкалық байқауы 3 кезеңнен тұрады:

І кезең - Онлайн іріктеу (кастинг) 15 наурыздан 15 сәуір аралығында өтеді ( онлайн өтініш берген үміткерлердің жұмысы қаралады).

ІІ кезең - Аймақтық іріктеу «МузАРТ» тобының қатысуымен өтпек.Байқаудың аймақтық іріктеу кезеңі 10 мамырдан 25 мамыр аралығында Қазақстанның 5 қаласында - Астана, Алматы, Атырау, Семей және Шымкентте өтеді.

Екінші кезең біткеннен кейін қазылар алқасы 2 аптаның ішінде байқаудың үшінші кезеңіне жолдама алатын 60 үміткерлердің есімін жариялайды. Ұлттық музыкалық тележобаның ІІІ кезеңі үміткерлерге телетүсірілімге қатысу мүмкіндігін береді.

ІІІ кезеңге өткен үміткерлер стиль, имидж, репертуар, хореография саласы бойынша ұйымдастыру комитетінен кеңес алады деп жоспарланып отыр. Ақтық сында бар-жоғы 6 адам бағын сынайды.

Қатысу ережесі бойынша толық ақпаратты www.kaztrk.kz, www.viamuzart.kz ресми сайттарынан, Жобаның @muzartlive_official ресми instagram парақшасынан алуға, сондай-ақ онлайн өтініштерді show@muzart.kz е-mail адресіне жолдауға болады, деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар