Ұлттық арнада жаңа жоба - «Әйел бақыты» ток-шоуы

АСТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - 9 қыркүйекте «Қазақстан «Ұлттық телеарнасында «Әйел бақыты» атты жаңа ток-шоудың тұсауы кесіледі - деп хабарлады «Қазақстан» АҚ» республикалық телерадио кешенінің баспасөз хатшысы Танакөз Толқынқызы.

Ұлттық арнада жаңа жоба - «Әйел бақыты» ток-шоуы

Жаңа жобада бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін әйелдердің беделі, отбасындағы күйі, әлеуметтік жағдайы, бала тәрбиесіндегі маңызы, ерлі-зайыптылардың бүгінгі болмысы қозғалады. Керекті кеңес, әдеміліктің құпиясы, сән және т б. мәселелер көтеріледі.

«Әйел бақыты» тікелей эфирде аптасына 5 рет көрсетіледі. Бұл бағдарламаның ерекшелігі - көрермендер тікелей эфир кезінде және одан тыс уақытта да өз сауалдарын телефон немесе электронды пошта арқылы жолдай алады. Ток-шоудың тұсаукесер саны «Арманым адастырмаса екен» деп аталады. Алғашқы бағдарлама жар таңдауда жаңылмаудың маңызы жайлы болмақ. Ток-шоудың жүргізушілері Ләйлә Сұлтанқызы, Қарагөз Сүлейменова және Әйгерім Есенәлі.

«9 қыркүйек күні сағат 14-55-те «Қазақстан» Ұлттық арнасынан «Әйел бақыты» атты ток-шоуды тамашалап, тікелей эфирде сұрақ қоюға шақырамыз», - делінген хабарламада.