Ұлттық арнадағы «Алаң» бағдарламасының тақырыбы зейнетақы жүйесіне арналып отыр

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Алаң» бағдарламасының тақырыбы еліміздегі зейнетақы жүйесіне арналып отыр.

Ұлттық арнадағы «Алаң» бағдарламасының тақырыбы зейнетақы жүйесіне арналып отыр

Тоқтала кететін жайт, жақында ел Үкіметі мақұлдап, Мәжіліске ұсынған жаңа заң жобасында еліміздің зейнетақы жүйесін жаңғырту шаралары қарастырылады. Құжат бойынша елдегі зейнеткерлік жүйесін жаңғыртудағы ұсынылатын басты жаңалық - әйелдер қауымының зейнет жасын ұлғайту болса, екінші тың жаңалық - Бірыңғай зейнетақы жүйесі қорын құруға арналмақ. Соған орай, бүгінгі қоғам арасында «Үкімет мұндай қадамдарға не үшін барып отыр?» деген заңды сауалдар туындайды. Ал осындай сауалдарға заң жобасын әзірлеуші басты орган - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің айтар уәжі нешік? Бұл мәселені алдағы уақытта ұлттық арнада болатын «Алаң» бағдарламасынан көре аласыздар.

Еске салайық, «Алаң» бағдарламасы (саяси, әлеуметтік, қаржылық, экономикалық) мәселелерді лауазымды тұлғалармен ашық талқылап, шешу жолдарын көрерменмен бірге іздейтін ток-шоу. Мұнда айтылған әрбір құнды пікірге, бүкпесіз шындыққа орын бар! Ендеше келелі әңгіме, кесімді пікірге құлағыңыз түрік жүрсін.