Ұлттық арнаның жүргізушісін халық таңдайды

Бұл туралы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының баспасөз қызметі хабарлады.
Сауалнаманың мақсаты - Ұлттық арнаның Жаңалықтар бағдарламасына тележүргізуші таңдау.
Осыған дейін арнайы кастинг өтіп, 100-ге жуық үміткер бақ сынаған еді. Оның ішінде 36 адам таңдалып, келесі кезеңге жіберілді. Бүгінгі кезеңде, көрермендер осы үздіктердің ішінен сауалнама арқылы өз таңдауларын жасады.
Ақмарал Қартабаева, «Қазақстан» АҚ РТРК кадрлар және рекрутинг бөлімінің бастығы:
- Бұл акцияның мақсаты - жүргізушіні халықпен бірге таңдау. Кастингқа қатысуға әркімнің мүмкіндігі болды. Келіп, қатысып жатқан адамдардың арасында осыған дейін камера алдында жұмыс істеп көрмегендер де көп болды - инженер, археолог болып жұмыс істеген адамдар бар.
Сауалнама нәтижесі бойынша үміткерлердің арасындағы үздігі Ұлттық арнаның тележүргізушісі атанады.