Ұлттық банк 2012 жылы жалпы ішкі өнімде 6 пайыздық өсімді болжауда

  АЛМАТЫ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ұлттық банктің орта мерзімдік болжамына қарағанда биыл инфляция деңгейі 6-8 пайыз, ал жалпы ішкі өнімнің өсімі 6 пайызды құрайды.
None
None

   Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында осылай  айтты.

"Ұлттық банк 3 жылдық бюджеттің қабылдануына орай инфляция мен жалпы ішікі өнімнің өсіміне орта мерзімдік болжам жасаған еді. Ол  ағымдағы жылы да өзгеріссіз қалады. Әзірге ешқандай жағымсыз әсер жоқ, қорқыныштан басқа", - деді ол.

ҚР Ұлттық банкі Басқармасы  2010 жылғы 27 желтоқсандағы №113 қаулысымен "ҚР Ақша-кредит саясатының 2011-2013 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамын" мақұлдаған  болатын. Онда   инфляция  деңгейі 3 сценарий бойынша да 2011-2013 жылдары 6-8 пайыз деп белгіленген еді. Ал ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бірінші сценарийде  - 6, екінші  және үшінші сценарийлерде 6-8 пайыз деп көрсетілген болатын.

Соңғы жаңалықтар