Ұлттық банк ағымдағы жылғы инфляцияны 6-8 пайыз дәлізінде болжайды - Қ. Келімбетов

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат -Ұлттық банк ағымдағы жылдың қорытындысына сәйкес, инфляция 6-8 пайыз дәлізінде болады деп болжайды.
None
None

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов осылай мәлім етті.

Депутаттар алдында сөз сөйлеген ҰБ төрағасы теңге девальвациясы да, инфляция үдерістері де еш алаңдаушылықты қажет етпейді деп сендірді. «Заңға сәйкес, Ұлттық банктің басты міндеттерінің бірі еліміздегі бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл ретте ағымдағы 2013 жылдың басынан бері елімізде инфляциялық үдерiстердiң баяулап отырғаны байқалады. Бiз жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейi белгiленген және жоспарланған дәлізде яғни 6-8 пайыз аралығында болады деп болжаймыз», - дедi Қайрат Келiмбетов.

Соңғы жаңалықтар