Ұлттық банк айырбастау пунктерінде жеке деректердің сақталуын түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков ақша айырбастау пунктерінде қазақстандықтардың жеке мәліметтерінің сақталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәліметтерді фиксациялау – ақшаның жылыстауына қарсы күрес жүргізуде өте қажетті қадам. Сіз банк арқылы іскерлік операцияларды жүргізген кезде олар барлық мәліметтерді толық жазып алып қалады. Ақшаның жылыстауына, терроризмді қаржыландыруға қарсы көзқарас тұрғысынан қарағанда, қауіптің барын ескеру керек. Ірі сома қашан да қаражатты жылыстатуға қарсы заңмен бетпе-бет келуі мүмкін. Ал шағын сомамен бірнеше рет келіп, заңға қайшы әрекет жасау жағдайын да ескерген жөн», - деді Олег Смоляков Үкіметтегі баспасөз мәслихатынан кейін тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Айта кетсек, бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков валюта айырбастау нарығындағы өзгерістер туралы айтып берген болатын.



Соңғы жаңалықтар