Ұлттық банк басқарылатын құбылмалы валюта бағамының режіміне ауысу туралы онлайн-конференция өткізеді

АЛМАТЫ. 3 ақпан. ҚазАқпарат - Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко 8 ақпанда сағат 15.00-де www.profinance.kz сайтының форумында онлайн-конференция өткізеді.

Ұлттық банк басқарылатын   құбылмалы валюта  бағамының  режіміне ауысу  туралы  онлайн-конференция  өткізеді

Бұл туралы банктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Онлайн-мәжіліс «Басқарылатын құбылмалы валюта бағамы режіміне ауысу» тақырыбына арналады. Форумда сондай-ақ Ұлттық банктің 2011 жылға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттарына, банк жүйесін әрі қарай дамытудың жоспарлары мен халықты толғандырып отырған басқа да мәселелерге түсініктемелер беріледі.