11:30, 22 Ақпан 2018 | GMT +5
Ұлттық банк басшысы латын графикасына көшу мәселесіне қатысты пікір білдірді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Алматыда өтіп жатқан онлайн-конференциясы барысында латын әліпбиінің енгізілуі туралы ойын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мен Мемлекет басшысының латын графикасына көшу туралы Жарлығын қолдаймын. Біз бұл жұмысты басшылыққа аламыз», - деді Ақышев.
Айта кетейік, осы сәтте Ұлттық банк басшысының онлайн-конференциясы өтіп жатыр. 12 ақпаннан бері Данияр Ақышевтың атына 300-ден астам сауал жолданған. Қазақстандықтарды банк секторын дамыту, несие мөлшерлемесі, айырбас пункттері мен криптовалюталар, сондай-ақ басқа да мәселелер толғандырып отыр.