Ұлттық банк биыл Қазақстанда ЖІӨ өседі деп болжауда

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2017 жылы Қазақстанда ЖІӨ 1,5%-2%-ға өседі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Ұлттық банкі Зерттеу және статистика департаментінің директоры Виталий Тутушкинге сілтеме жасап.

Ұлттық банк биыл Қазақстанда ЖІӨ өседі деп болжауда

«Біздің 2017 жылға жасаған болжамымыз ЖІӨ өсетінін көрсетіп отұр. Шамамен ЖІӨ 1,5-2% өседі деп бағалап отырмыз. Үкімет одан да жоғары болжады, бірақ Үкіметке қарағанда, бізге сақ болу керек», - деді Виталий Тутушкин.

2016 жылы Қазақстан ЖІӨ 1% өсті. 2017 жылға арналған ресми болжам - 1,9%.