Ұлттық банк декреттік төлем қысқартылғаннан кейін өз қызметкерлеріне үстеме төлем беретін болады

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі декреттік көлем қысқартылғаннан кейін өз қызметкерлеріне үстеме төлем беретін болады.

Ұлттық банк декреттік төлем қысқартылғаннан кейін өз қызметкерлеріне үстеме төлем беретін болады

Бұл туралы бүгін forum.profinance.kz сайтында өткен онлайн-конференция барысында аталған банк төрағасы Григорий Марченко мәлім етті.

Еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің декреттік төлем көлемін қысқартуға қатысты жаңалығына жеке пікірі сұралған сауалға жауап берген Г.Марченко: «Қазақстанның орталық банкі жұмыс беруші ретінде өз қызметкерлеріне қосымша қаржы төлейтіндігін» атап өтті.