Ұлттық банк доллар, еуроны сатып алу кезіндегі ауытқу шегін белгіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық банк шетел валютасын теңгеге сатып алу- сату бағамынан ауытқуының белгіленген шек мөлшерін бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық банк доллар, еуроны сатып алу кезіндегі ауытқу шегін белгіледі

Құжатпен уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пунктері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегінің рұқсат етілетін мәндері бекітілді.

Шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқуының белгіленген шек мөлшері 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылу мерзімімен АҚШ доллары үшін – 15 теңге, еуро үшін – 20 теңге.

Белгіленген шектеулер қолма-қол ақшасыз жүргізілетін айырбастау операцияларына қолданылмайды .

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Ұлттық банкінің сайтында танысуға болады.