Ұлттық банк доллардың 13 қаңтардағы ресми бағамын жариялады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің 13 қаңтардағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 462, 58 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 6,83 теңге.
12 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0, 32 теңгеге қымбаттап, 462,51 теңге болған.
Ресей валютасы - 6,79 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 461-466 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 462-466 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 6,65-6,85 теңгеге сатып алуға болады.