Ұлттық банк доллардың 19 қаңтардағы ресми бағамын белгіледі

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің 19 қаңтардағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 464,34 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 6,76 теңге.

18 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллар 0,15 теңгеге қымбаттап, 464, 25 теңгені құрады. Ресей валютасы 6,73 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 463 – 467 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар 463,5– 466,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 6,35– 6,65 теңгеге сатып алуға болады.


Соңғы жаңалықтар