Ұлттық банк доллардың бүгінгі бағамын белгіледі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллардың 10 тамызға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 446,32 теңге. 9 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,26 теңгеге қымбаттап, 446,19 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 444-448 теңгеден сатылып жатыр. Алматыда 445,1-447,9 теңге аралығында құбылып тұр. Ал, Шымкент қаласында доллар 447-448,2 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бұған дейін Ресей рублінің арзандағанын жазған болатынбыз. Көрші ел валютасы ақша айырбастау орындарында 4,56-4,77 теңге аралығында саудаланып жатыр.