Ұлттық банк экономикалық өсімді болжады
«Қазақстан экономикасының өсуінің болжамдары да жақсарды. Алдағы үш жылда жалпы ішкі өнімнің 3,5-4,5% деңгейінде өсуі күтілуде. Болжамдар мұнайды өндіру мен экспорттау бойынша күтулердің жоғарлауына байланысты қайта қаралды. Оған сауда әріптес елдер экономикаларының біртіндеп қалпына келе бастауы себеп. Ішкі сұраныстың тұрақты өсуі мемлекеттік ынталандыру шығыстарымен және мұнайдың қолайлы бағасымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар фискалдық ынталандыру аясында импорттың оң динамикасы мен тежеуші нақты мөлшерлеме ішкі сұраныстың өсуін ішінара ұстайтын болады», - деі Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов.
Оның сөзіне қарағанда, жалпы ішкі өнім болжамының тәуекелдері экспорт жеткізу жолдарындағы көлік-логистикалық проблемаларынан, мұнай өндіру жоспарының ауытқуынан туындауы мүмкін.
«Төлем балансының ағымдағы шоты шикізат бағасының болжамды қысқаруына және импорттың тұрақты өсуіне қарай өткен жылдың профициттік аймағынан 2025 жылдың соңына қарай біртіндеп дефицит аймағына ауысатын болады», - деді ол.
Айта кетейік, Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдады. https://kaz.inform.kz/news/ulttyk-bank-bazalyk-molsheremeni-ozgerissiz-kaldyrdy_a4039644