Ұлттық Банк футболдан Әлем чемпионатына орай күміс шақа шығарды

АСТАНА. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық Банкі сенбі күні, қаңтардың 23-інде 2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өтіп жатқан футболдан Әлем чемпионатына арналған күміс шақаны айналымға шығарды. Бұл жөнінде дүйсенбі күні Ұлттық Банктің сайтында орналастырылған.

Ұлттық Банк футболдан Әлем чемпионатына орай күміс шақа шығарды

Шақаның барлық таралымы 10 мың дананы құрайды, ал ішкі рынокқа 3 мың дана шақа арналған.

Бұл Ұлттық Банктің спортқа арналған инвестициялық шақалар сериясындағы жетінші шақа болып табылады.