Ұлттық банк: Іскерлік белсенділік жақсарып келеді
«Қазақстанда іскерлік белсенділік 8 ай қатарынан теріс көрсеткіштен кейін жақсарып келеді. 2023 жылғы қаңтарда Іскерлік белсенділік индексі өсіп, 50,7 болды. Ақпан айында индикатор 50,0 болды, бұл өзгеріс болмағанын көрсетеді. Барлық сектор үшін ұзақ жеткізу мерзімі іскерлік белсенділікті тежейтін фактор болып отыр», - деді ол «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстыра келе.
Оның атап өтуінше, жыл басында әлемдік экономикалық белсенділік жақсарды. Қаңтар айында іскерлік белсенділіктің жаһандық композиттік индексі 49,8-ге дейін өсті.
«Қаңтар айында өндіріс пен жаңа тапсырыстар көлемінің төмендеуі соңғы 6 айда едәуір әлсіз болып, тұрақтануға жақындады. Бизнес өкілдерінің оптимизмі 8 айда ең жоғары көрсеткішке дейін артты», - деді Ақылжан Баймағамбетов.