Ұлттық банк қазақстандық Қор биржасынан өзінің үлесін 25 пайызға дейін азайтады - Қ. Келімбетов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық банк қазақстандық Қор биржасынан (KASE) өзінің үлесін 25 пайызға дейін азайтады. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистер сауалына жауап берген ҚР Ұлттық банкінің Төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.
None
None

«Ұлттық банк өзінің Қор биржасындағы қатысу үлесін азайтады. Егер бұған дейін үлес 51 пайыздан кем болмаған болса, қазіргі таңда біз бұны 25 пайызға дейін төмендетуге ниеттіміз», - деді Қ. Келімбетов. Оның айтуынша, бұндай қадам негізінен қазақстандық қор биржасының акционерлігіне стратегиялық инвесторларды тарту мақсатында жасалмақ. «Яғни, Қордың технологиялық толыққандылығын көтергіміз келеді», - деді Бас банкир.

Соңғы жаңалықтар