Ұлттық банк Қазақстанның қалалары туралы ескерткіш монеталарды айналысқа шығарды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банк номиналдық құны 50 теңгелік, нейзильбер қоспасынан «Қазақстанның қалалары» монеталар сериясынан «Астана», «Алматы», «Көкшетау», «Шымкент» ескерткіш монеталарын айналысқа шығарады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«Ескерткіш монеталардың бет жақтарындағы (аверсіндегі) бейнелері бірдей. Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде - ою-өрнекті сегіз бұрышты розетка, төменгі бөлігінде - ұлттық ою-өрнек элементі. Номиналдың оң жағында «ҚҰБ» деген аббревиатура орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде әр қаланың гербі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан және шығыңқы жиек жүргізілген. Жазу мен сан нүктелермен бөлінген. Монеталар «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі 23 мм, массасы 4,71 грамм, әрқайсысының таралымы 50 мың дана», - делінген хабарламада. Ескерткіш монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған. Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі №1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі Ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген. Ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады. Әрбір атаудағы монеталардың бір мың данасы жақсартылған сапамен дайындалды және арнайы пластикалық термовакуумды ораумен сатуға арнап шығарылды. «Астана» монетасы екі мың дана санмен «Қазақстанның қалалары» сериясының монеталарына арналған альбом түріндегі орауға оралған. Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің барлық филиалдарында, сондай-ақ ҚРҰБ-ның www.nationalbank.kz сайтының «Ұлттық валюта» парақшасындағы Интернет дүкен арқылы сатып алуға болады. Алматы қаласында мына мекенжай бойынша сатып алуға болады: Панфилов көшесі, 98. Анықтама үшін телефоны +7 (727) 273-83-98.

Соңғы жаңалықтар