Ұлттық банк көпбалалы отбасылар үшін ипотека бойынша қолдау жасауға дайын
«Өздеріңіз білесіздер, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің стандартты талабы - 20 жыл, ставка - 2 пайыз. Банк бізге қосымша көмек бойынша өтінім жасаған жоқ. Әзірге, өздерінің жеке қаржысы есебінен еңсеріп келеді. Алайда қажеттілік болса, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін қолдауға әзірміз», - деді Е. Досаев депутаттар сауалына жауап бере отырып.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымық даму министрігінің мәліметінше, аталған ипотека 2 пайызбен 20 жылға беріледі. Бұл бағдарламада бастапқы жарна 10 пайыз деңгейіне.
Бұдан бұрын көпбалалы отбасыларға 2 пайыздық ипотека беру биыл басталатыны хабарланған еді.
Бағдарлама талаптарына сәйкес, құжат тапсыру кезінде әрбір отбасы тұрып жатқан қаласындағы әкімдігіне барып, «Көпбалалы отбасы», «Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп жатқан отбасы», «Толық емес отбасы» санаттары бойынша кезекке жолдама алады.