Ұлттық банк отандық экономика мен бизнесті қолжетімді несиелермен қолдау үшін жағдай жасауы тиіс - Н.Назарбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада өтіп жатқан ҚР Үкіметінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк отандық экономика мен бизнесті
қолжетімді несиелермен қолдау үшін жағдай жасауы тиіс деді, деп хабарлады Ақорданың Твиттердегі парақшасында. «Ұлттық банк теңгенің ликвидтілігі бойынша қосымша жұмыстар мен долларсыздандыру жұмыстарын белсенді жүргізуі тиіс», - деді Елбасы.