Ұлттық банк Проблемалы кредиттер қоры мен БЖЗҚ-ны бақылауынан шығару бойынша ұсыныс әзірлеуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық банк Проблемалы кредиттер қоры мен БЖЗҚ-ны бақылауынан шығару бойынша ұсыныс әзірлеуде. Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев осылай деді.
None
None

«Ұлттық банк Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Проблемалы кредиттер қоры мен Бірыңғай жинақтаушы зейнатақы қорын Ұлттық банк бақылауынан шығару бойынша ұсыныс әзірленіп жатыр», - деді ол.

Д.Ақышевтің айтуынша, қазіргі уақытта Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп бірнеше нұсқаны қарап жатыр. Олардың ішіндегі ең тиімдісі Ұлттық банктің қызметіне тән емес қызметтерді беру болып отыр.

«Бұл шешімдер қабылданғанға дейін және Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау үшін Ұлттық банк белгіленген бағыт бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын инвестициялауды қамтамасыз ететін болады», - деді ҰБ төрағасы.

Соңғы жаңалықтар