Ұлттық Банк шығарған алтын құймаларды сатып алуда қандай тәуекелдер бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ұлттық банк Астана филиалының директоры Әмірбек Санқыбаев еліміздің Ұлттық банкі шығарған алтын құймаларды сатып алудағы тәуекелдерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Осы жылдың 31 мамырынан бастап Ұлттық банк еліміздің азаматтарына, тұрғындарына алтын құймаларын сатып алу  бағдарламасын енгізді. Бұл  бағдарлама өткен жылдың қыркүйек айында Елбасының тікелей тапсырмасымен Үкіметтің кеңейтілген отырысында қабылданды. Бүгінгі күні барлық дайындық жұмыстары аяқталды және осы бағдарлама азаматтарға қолжетімді екендігін хабарлаймыз»,-  деді ол.

Осы ретте Санқыбаев бағдарламаның  азаматтарымыз үшін қаншалықты тиімділігіне және қандай тәуекелдер бар екендігіне кеңінен тоқталды.

«Қазіргі кезде өздеріңіз білесіздер азаматтардың жинақтары банк депозиттерінде қолма-қол шетел валютасымен тұрады. Сондықтан біз келесі жинақтың  бір түрін ұсынып отырмыз. Ол - алтын  құймаларын сатып алу. Өйткені бұл жинақтың халық үшін қолайлы және қарапайым түрі болып саналады. Ұлттық банктің монета сарайы 10, 20, 50 және 100 грамдық алтын құймаларын жасады. Бұл алтын құймаларды екінші деңгейлі банктер арқылы сатып алуға болады. Айта кетерлігі, бұл бастаманың негізгі мақсаты - халық арасында алтын құймаларды сату емес оның тиімділігін көрсету. Себебі оны тез арада сатып алып, қайта өткізуге болады.  Қазіргі күні бұл бағдарламаны Халық банк пен Еуразиялық банк жүзеге асыру мүмкіндігін алды. Ұлттық банк басқа банктермен де тиісті келіссөздерді жүргізуде. Ойымызша, жақын арада басқа банктер де осы бағдарламаға қосылатын болады»,-  деді филал басшысы.

Оның айтынша алтын құймаларымен  Астана, Алматы, Өскемен  және Атырау қамтылған. Қазірдің өзінде халық тарабынан сұраныс бар. Халық банк өздерінің филиалдары арқылы аталған төрт қаладан басқа өңірлерге де жеткізуде.

«Тәуекелдерге тоқтар болсам, өздеріңіз білесіздер алтын қай кезде де алтын болып қала береді. Алайда алтын құймаларын сатып алуда тәуекелдер бар. Ол әлемдік нарықта өзгеріп отыратын алтын құны және ұлттық валюта бағамы екендігін айтуға болады. Өйткені алтынның құны жоғарылауы не төмендеуі мүмкін», - деді Санқыбаев.

Соңғы жаңалықтар